ТҮРКІСТАН: КІТАПХАНАДА АСАНБАЙ АСҚАРОВҚА АРНАЛҒАН «АҚИЫҚ АЗАМАТ!» АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

Өткен аптада Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығы аталып өтті. «Ақиық азамат!» апталығы аясында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, біртуар азаматты кеңінен насихаттау мақсатында Түркістандағы бес мектеп оқушыларына танымдық лекция оқылып, көшпелі кітап көрмесі таныстырылды. Оқырмандарға кітапхана қорындағы ұлт жанашырының әдебиеттері мен баспасөз беттеріндегі мақалаларға шолу жасалды. Сонымен қатар апталық аясында «Ғибратты ғұмыр» конференциясы өтті. Оған қала әкімінің орынбасары, зиялы қауым өкілдері, филологтар мен кітапхана оқырмандары, кітапханашылар және тұлғаның көзін көрген кісілер қатысып, өз естелігімен бөлісті.

«Асқаровтың ізімен» жобасымен Алтын формуляр» байқауына үміткерлер мен үздік оқырмандарға Шымкент қаласына саяхат ұйымдастырылып, олар Асанбай Асқаровтың ескерткішіне тағзым етті. Қайраткер бастамасымен тұрғызылған мәдени ошақтарды аралады. Содан соң Түркістан облыстық қоғамдық саяси, тарихи архивіне саяхатқа барып, ақпаратпен танысты. Сондай-ақ апталықтың бір күні Меркі ауданындағы сапарға арналды. Жас кітапханашылар Меркі аудандық тарихи өлкетану музейіне барып, кітапхана қорында жоқ мәліметтермен танысып, өзі қолданған және тұлғалар сыйға тартқан жәдігерлер, тарихи экспонаттарды көріп қайтты. Кітапханаға келушілерге арнайы жасақталған кітап көрмесін таныстыру мақсатында бейне шолу жасалды.

Айта кетейік, қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойына арналған шаралар мұнымен аяқталмады. Бекітілген жоспарға сәйкес апталықтан басқа, қазан айында Түркістан қаласында ауқымды іс-шаралар өтетін болады. Мерейтой аясында Р.Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры М.Байғұттың «Асқаровтың аққайыңдары» қойылымын сахналайды. Қазіргі таңда мерейтой жұмыстарына және қойылым жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Мәдени-рухани шаралар жыл соңына дейін жалғасатын болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.