ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

Құрметті қала тұрғынары!

Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қарасты Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсынысымен 2022 жылдың 19 қазанда сағат 16:00-де Түркістан қаласы әкімдігінің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында онлайн форматта мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Онлайн жәрмеңкеде Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы, Сәулет және қала құрылысы, Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спрот бөлімдері, қалалық «Жасыл Түркістан» КММ-сі және «Қалалық мемлекеттік архив»КММ-сі бөлімдерінен мемлекеттік қызметкерлер тікелей эфирде арнайы баяндама жасайды. Осыған орай, жоғарыда аталған салалар бойынша тікелей эфирге қатысып, сұрақтарға нақты жауап алуға болады.

Бұл жәрмеңке мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде тұрғындардың құқығы мен бостандығын және заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылуда.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.