ТҮРКІСТАН: МЕНІҢ ОТАНЫМ — МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ

Қазақстан халқы ассамблеясы 25 қазан — Республика күніне орай “Менің Отаным — Менің Қазақстаным” челленджін Түркістан облысынан қабыл алып, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдеріне жолдаймыз!

Республика күні — еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ елі декларация жариялап, мемлекеттің тәуелсіздігін айқындады.

Тағдыр табыстырған, тарих тоғыс­тырған түрлі этнос өкілдері азат­тықтың арайлы таңында ортақ Отанымыздың іргесін бірге қалас­ты. Бұл күн тек мереке ғана емес, мемлекетіміздің қалыптасу тарихы ұлықталатын, өткеннің өнегесін өскелең ұрпаққа насихаттайтын күн.

Біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім, елдің бірлігі, татулығы. Берекесі мен бірлігі жарасқан тәуелсіз Отанымыздың мерейлі мерекесі — Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Халқымыздың бірлік-берекесі арта берсін!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.