ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ЖАҢА МАУСЫМНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫН АШТЫ

7-8 қазан күндері Түркістан музыкалық драма театрында ІІ маусымның шымылдығы түріліп, «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық қойылымы сахналанды. Маусымашарға Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Ә.Қойлыбаев, басқарма басшысының орынбасары А.Темірхан және қала қонақтары мен тұрғындары қатысты.

Жазушы-драматург Е. Аманшаевтың либреттосы бойынша сахналанған спектакльде көрген түсінен шошып, өлімнен қашады. Жерұйық мекенді іздейді. «Қайда барса да, Қорқыттың көріне» кезігіп, ақыры туған жері — Сырдарияға оралады. Қоюшы-режиссері – К. Семенов. Композиторы – Х. Шанғалиев. Көркемдік жетекшісі – А Көпбасарова.

Екі күн қатарынан өткен маусымашарға келушілер қарасы көп болды. Ашылғанына небәрі жыл толса да, бұған дейін «Бөрте», «Фариза», «Махаббат мұнарасы» сынды қойылымдарды сахналап, көпшілікке ұсынған болатын. Осылайша өз көрерменін қалыптастырып, Түркістанның мәдени-рухани тұрғыда дамуына, туристік әлеуетін арттыруға үлес қосып жүр.

Еске сала кетейік, 22-23 қазан күндері аталмыш театрда премьера өтеді. Тұңғыш рет қазақ сахнасында «Триптих: «Гамлет», «Қарагөз», «Фауст» жас режиссер Әлібек Өмірбекұлының қайталанбас қолтаңбасымен сахналанбақ. М.Әуезов, У.Шекспир, И.Гете сынды үш алыптың шығармасы Түркістан театры сахнасында тоғысатын болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.