ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ШАҚЫРАДЫ

7-8 қазан күндері Түркістан музыкалық драма театрының II маусымы ашылады. Маусымашарда «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклі сахналанбақ.

Қорқыт ата – түркі халықтарының ортақ рухани абызы, ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт ата өмірде ізі, артында әдеби-музыкалық мұрасы қалған тарихи тұлға. «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінде Қорқыт алып қарағаштан ойып қобыз жасайды. Әлемді қобыз үнімен әлдилеген бабамыз, көрген түсінен шошып, өлімнен қашады. Жерұйық мекенді іздейді. «Қайда барса да, Қорқыттың көріне» кезігіп, ақыры туған жеріне — дүниенің кіндігі саналатын Сырдарияға оралады.

Жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы бойынша сахналатын қойылымның қоюшы-режиссері – белгілі ресейлік балетмейстер, өнертанушы Константин Семенов. Композиторы – Хамит Шанғалиев. Көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова. Басты рөлдерде ойнайтын кәсіби балет әртістері: Еламан Әбдіқалық, Еркінбек Әубәкіров, Ақылай Сыдығалиева, Алина Ормонбек, Рустам Шайхов, Гүлжанат Қаламғазина сынды өнерпаздар. Шынайы декорация, шебердің қолынан шыққан сахналық киімдер, реквизиттер арнайы дайындалуымен ерекшеленбек.

Еске сала кетейік, «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінің мамыр айында премьерасы өтіп, оған еліміздің түкпір-түкпірінен мәдениет және өнер майталмандары, зиялы қауым өкілдері және Түркістан қаласының өнерсүйер қауымы қатысқан болатын. Сонымен қатар ҚР Конституция күні қарсаңында аталмыш қойылыммен театры труппасы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрына гастролмен барып, астаналық көрерменді тәнті етті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.