ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ ТҰҚЫМБАҚ АШУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының заманауи тұқымбақ ашу тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңда тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы ретте облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиевпен және орман саласының басшыларымен бірге Түркістан маңындағы жасыл белдеуді аралап, атқарылған жұмыстарымен танысты.
Облыс әкімінің орынбасары жалпы ауданы 120, 0 гектарды құрайтын орман тұқымбағында болды. Қазіргі таңда 50 гектар жерге мемлекеттік акт алынып, әртүрлі ағаш-бұта тұқымдары себілді. Бүгінгі таңда 5 млннан астам көшет өсірілуде.
Атап айтсақ, қылқан жапырақты – 18 мыңнан аса (боз арша, жай арша), жұмсақ жапырақты – 5 млн аса (қарағаш, үйеңкі, шаған, тұт, катальпа, талшын, сәнағаш, айлант және т.б.), бұта тектес – 75 мыңнан аса (гибискус, багряник, роза гүл, сирень) түп көшет бар.
Биыл орман тұқымбағына әртүрлі ағаш-бұта тұқымдарын себу жоспарланып отыр. 2024 жылы орман тұқымбағына себуге 2000 кг сексеуіл, 30 кг қылқан жапырақты және 2963 кг әртүрлі жапырақты ағаш-бұта тұқымын жинап, себу көзделуде.
Облыстағы заманауи тұқымбақты «Жасыл аймақ» КММ-нің базасында ашу жоспарлануда. Жаңадан құрылатын жылыжайға жаңбырлатып суғару жүйесі орнатылады. Жылыжайда қылқан жапырақты және сәндік ағаш көшеттерін тұқымнан бастап, арнайы ыдыстарға өсіру жоспарлануда.
Облыс әкімінің орынбасары «Жасыл аймақтың» қазіргі жағдайымен танысып, 1 га жерге арнайы сеткамен көлеңкеленген арнайы жас көшеттерді өсіретін тұқымбақ салуды тапсырды. Ол үшін 1 дана су жинау бассейнінің құрылысы қажет. Бұл жұмыстар облыс әкімінің тікелей бақылауында екенін жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin