Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінде тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Жетпісбаев, А.Ауелбеков, педагог-ұйымдастырушы А. Кулманова мен мектеп тәлімгері М.Жусипбаеваның ұйымдастыруымен қыркүйек айының 12-16 күндері аралығында отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру мақсатында «Отбасы–бақыт мекені» тақырыбында 2-3-4 сыныптар арасында отбасылық, спорттық эстафеталық сайыс өтті. Сайысқа Бурхановтар, Айболатовтар, Олжабаевтар отбасы қатысып ,мектеп басшысының мақтау қағаздарымен марапатталды.
Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың арманы және борышы екені даусыз. Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болғай.