ТҮРКІСТАН ОҚУШЫЛАРМЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан қаласы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық зомбылықтың, буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша ата-аналар жиналысы болып өтті. Маңызды мәселе аясында Түркістан қалалық прокуратурасының бөлім бастығы Жүсіпбай Мақсат Кенжеханұлы, Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының инспекторы, аға лейтенанты Шахаев Алмат Талғатұлы және мектеп инспекторы Г.Аметовалар тақырыптық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері: отбасындағы ақау тәрбие, отбасындағы материалдық әл-ауқаты, жұмыссыздық; баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы; ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы; мінез-құлықтың ауытқушылығы туралы түсіндірілді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубта отыруға, сағат 23:00-ден кейін ата-анасыз беймезгіл көшеде жүрмеуін, үйде болу керектігін айтты. Мектеп директоры Д.Дийметова балалардың сапалы біліммен қатар саналы тәрбие алуы үшін ұстаздардан бөлек ата-ананың да орны мен рөлі айрықша екеніне тоқталды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дегендей, дана халқымыз жеке тұлға болып қалыптасуда әрбір жасөспірімдер тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытын тиімді пайдалана білсе, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуына көп септігін тигізері сөзсіз. Мектептің педагог-психологы С.Мирзаметова «Ата-ана алдындағы бала тәрбиесіне көңіл аудару» тақырыбында түсіндірме жұмыстар мен тренингтер өткізді. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Гафурова мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырды. Ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде білім сапасын жақсарту жолында, мектеп, ата-ана және оқушы үштік одақ болып жұмыла белсенділік танытса, оң нәтижеге қол жеткізу аса қиынға соқпайды- деп өз сөзін қорытындылады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

6 Comments

  1. whoah this weblog is wonderful i like studying your posts.
    Stay up the good work! You realize, a lot of individuals are looking around for this info, you could
    help them greatly.

  2. It would be worthwhile to explore how Mantle’s
    3D technology can help in producing molds for specialized plastics, especially in sectors like medical or aerospace.

    This technology could be highly useful for companies that need
    to quickly move from prototype to full-scale production without losing quality.

    The cost benefits of Mantle’s 3D technology make it an attractive option for companies looking
    to improve their bottom line without compromising quality.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.