ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша кездесу өтті. Ата-аналардың қатысуымен өткен басқосуда кұзырлы орган өкілдері мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне тоқталды.

Жиында Түркістан қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Береке Жұмабаева мен Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Елжас Асанов түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орталықтары мен компьютерлік ойынханаларда жүрмеуін қадағалауды ескертті.

Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасованың айтуынша, балалардың сапалы біліммен қатар саналы тәрбие алуы үшін ұстаздардан бөлек, ата-ананың да орны мен рөлі айрықша. Сондықтан, өскелең ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына қоғам болып үлес қосу әрдайым бірінші кезекте тұруы қажет.

Кездесу барысында ата-аналар тарапынан ұсыныс білдіріліп, құзырлы орган өкілдерімен ашық диалог орнатты. Пікір алмасу форматында өткен жиынға қатысушыларға құқықтық тәрбиеге негізделген жадынамалар таратылды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.