ТҮРКІСТАН: Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ата- аналар жиналысы болып өтті.

Түркістан қаласы Ататүрік атындағы N 17 мектеп — гимназиясында оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша ата- аналар жиналысы болып өтті.

Маңызды мәселе аясында Түркістан қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жанатаев Нұрдаулет Ерланұлы тақырыптық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мектеп — гимназия мұғалімі Ханзада Муталова буллинг, кибербуллинг туралы түсінік бере отырып, ата — аналармен сауықтыру жұмыстарын жүргізді.

Мектеп — гимназия директоры Урумова Рахила Кенжебекқызы балалардың сапалы біліммен қатар саналы тәрбие алуы үшін ұстаздардан бөлек ата-ананың да орны мен рөлі айрықша екеніне тоқталды . Сондықтан, өскелең ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына қоғам болып үлес қосу әрдайым бірінші кезекте тұруы қажет.

Мектеп- гимназияның ішкі тәртіп ережесі, » Бес терек » жобасы бойынша атқарылған жұмыстар ата- аналарға таныстырылды.

Мектеп — гимназия ұжымы ата — аналар жиналысын ерекше дайындықпен ұйымдастырды.

» Домбыра пати», » Жас суретшілер галереясы» , пәндік көрмелер, үйірме жұмыстары ата- аналарға ой салды.

Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдаланатын оңтайлы шешім деп білеміз .

Кездесу барысында ата-аналар тарапынан ұсыныстар білдірілді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.