«Оңтүстікфильм» мекемесі қайырымдылық іс-шарасы аясында Түркістандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсететін «Шапағат» бейімдеу орталығына арнайы барып қайтты.
Қазан айының екінші жексенбісі елімізде мүмкіндіктері шектеулі жандарды қорғау күні болып аталып өтіледі. Осы орайда мекемеміз Қазақстанның әр өңірінен жиналған өз денсаулығын жақсартамын деген зор үмітпен келген азаматтары бар аталған қоғамдық ұйымда кинокөрсетілім ұйымдастырды. Мұнда тұрып жатқан ерекше қолдауды қажет ететін жандарға «Түркістан жүрегімде» фильмі көрсетіліп олардың көңілін көтеріп, бір мезгіл қуаныш сыйлады.