Елімізде биыл айтулы оқиға. Қазақстандықтар өз Президентін сайлайды. Президент сайлауы – тек Мемлекет басшысын ғана таңдау емес, бұл – ел болашағы үшін де жасалатын маңызды қадам. Сол себепті саяси маңызы зор шараға қатысу, жауапкершілік таныту — әрбір азаматтың құқығы әрі парызы. Осы орайда мен қалалық мәслихат депутаты Айгүл Утегенқызы және педагог маман
Досанова Гулзира Мусабековнамен бірге Түркістан қалалық емхана қызметкерлерімен кездестік.
Бұл сайлау елімізге жаңа серпін әкеліп ғана қоймай, болашаққа нық қадам жасауға үлкен мүмкіндік бермек. Әлеуметтік жағдайымыз тұрақты, экономикамыз қарқын алған заманда ертеңгі болашаққа сеніммен қарайтын әрбір азамат сайлаудан қалыс қалмауы тиіс, — деп өз ойымды ортаға салдым.
Президент сайлауы біздің еліміздің бірлігі мен тұтастығының, азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн. Сондықтан, Тәуелсіздігіміз тұғырлы һәм баянды болуын қаласақ, Президент сайлауына белсенді түрде қатысайық.