ТҮРКІСТАН: “РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ” ОРАЙ ӨТКІЗІЛЕТІН ІС-ШАРАЛАР БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

Түркістан облысының білім беру мекемелерінде 25-қазан “Республика күні” ұлттық мерекесін атап өту туралы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы брифинг өткізді.

“Түркістан облысының білім беру мекемелерінде 25-қазан «Республика Күні» ұлттық мерекесін атап өтуге байланысты 10-25 қазан күндері өткізілетін негізгі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан қабылданған іс-шара жоспарлары негізінде жүргізілуде” ,- дейді өңірлік коммуникациялар орталығында Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Маханбетов Жандос Маханбетұлы.

Іс-шаралардың барлығы жоспарға сәйкес ұйымдастырылуда. Ең басты шаралардың бірі облыс ұстаздары мен оқушыларының, колледж студенттерінің қатысуымен «Отаным – Жүрегімде» әлеуметтік желілердегі Отан, Жер ана, Туған жер тақырыптарында мәнерлеп оқу байқауы.

Бұдан бөлек, «Атамекен» тақырыбындағы патриоттық диктант жазу сайысы жүргізілуде. Оқушылар, студенттер және жастар ұйымдарының өкілдері арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы эссе байқауы болады. «Қыран елім – Қазақстан» жалпы республикалық патриоттық акциясы шеңберінде оқырмандар конкурсы жарияланды. «Патриотизм дауысы» мемлекеттік әнұран барлық білім беру ұйымдарында жаппай орындалады. Оқушылар мен колледж студенттері арасында «Ұлттың ұлы ұстаздары» шығармашылық байқауы жүргізілуде. Колледж студенттерінің қатысуымен «Туған елімнің мен патриотымын» облыстық шығармашылық байқауы өтеді. «Текті сөздің төресі» тақырыбында арнау айту байқауы (домбыраның сүйемелдеуінде) мен «Тарих беттері» тақырыбында фото көрме болады. «Республика Күні» ұлттық мерекесі тақырыбында видеороликтер байқауы да жүргізіледі. «Тәуелсіз елдің ұландары» тақырыбында флешмоб бар. «TuranBalafest» үздік өнерпаздар телешоуы мен «Күлтегін» зияткерлік ойыны телебағдарламасының республика күніне арналған арнайы мерекелік шығарылымы жоспарға сәйкес өткізілуде. Облыстағы барлық білім беру мекемелерінде «Республика Күні» ұлттық мерекесінің логотипі бейнеленген арнайы көрнекі құралдар орналастырылды. Сонымен қатар, Түркістан қаласы, М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Республика Күні» ұлттық мерекесіне орай «Жасыл челлендж» арнайы іс-шарасы өткізіліп оған білім саласы ардагерлері мен оқушылардың экологиялық акциясы өткізіледі.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.