ТҮРКІСТАН: «ТҮРКІСТАНЫМ — ТҰРАНЫМ» АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

«Ұлы дала елі» орталығында ақын Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығына орай «Түркістаным — Тұраным» қалалық ақындар айтысы өтті. Түркістан қалалық әкімдігінің қолдауымен, Түркістан қалалық «Мәдениет үйінің» ұйымдастыруымен өткен жыр додасына 10 айтыскер ақын 5 жұпты құрап қатысты.

Жас ақындардың өнерін бағалап, әділ төрелігін танытар қазылар алқасының құрамында айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, «Профессор Құлбек Ергөбек зияткерлік бастауыш мектебінің» құрылтайшыларының бірі – Баян Адырбек, айтыскер ақын, «Өнер» мектебінің директоры Тұрар Тлеулиев болды.

Дүбірлі айтыста ақындар Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығын тақырыпқа арқау етіп, жырдан шашу шашты. Бір-біріне өткір сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар қайтарды.

Айтыс нәтижесі бойынша Бас жүлдені «Өнер» мектебінің қатысушысы Мейіржан Жарылқап еншілесе, І орынды Шахмардан Бекарасұлы жеңіп алды. Ал ІІ орынды Исламхан Мұхаметхан иеленсе, ІІІ орынды Ерсайын Диханбай қанжығасына байлады. Жас айтыскерлерге қаржылай сыйақы мен сертификаттар, қала әкімінің Дипломы табыс етілді.

Айтыстың марапаттау рәсімінде Түркістан қалалық Мәдениет үйінің директоры Лиза Төлегенқызы сөз алып, жас ақындардың шығармашылығын шыңдап, рухани шаһар Түркістанды жырға қосатын жас ақындарды әрдайым қолдау керектігін айтты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

201 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.