Түркістан облысында мектеп жәрмеңкесі өтті

Мектепке жол” акциясы аясында жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының басым бөлігінде мектеп жәрмеңкесі өтуде.

Аудан-қалаларда өтіп жатқан жәрмеңкеде өңірдің жеңіл өнеркәсібін дамытушы («Алтын адам», «Заря» «Гауһар», «Бақыт» т.б) кәсіпкерлер тігетін отандық өнімнің сапалы мектеп формалары мен аяқ киім, сондай-ақ, кеңсе тауарлары нарық бағасынан 5-10 пайызға жеңілдетілген бағада сатылды.

Жәрмеңкеде сатылатын оқушы киімінің сапасының жоғары болуына баса мән беріліп отыр. Мұндай жәрмеңке облыстағы 17 аудан-қаланың барлығында 20-22 тамыз аралығында үш күн бойы өткізіледі.

Айта кетерлігі, жаңа оқу жылына әлеуметтік осал топтағы отбасы балаларын мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 1,9 млрд теңге қаржы бөлінген. Қаржы 52 мыңнан астам баланың ата-аналарының есепшоттарына аударылуда.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.