
“Мектепке жол” акциясы аясында жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының басым бөлігінде мектеп жәрмеңкесі өтуде.
Аудан-қалаларда өтіп жатқан жәрмеңкеде өңірдің жеңіл өнеркәсібін дамытушы («Алтын адам», «Заря» «Гауһар», «Бақыт» т.б) кәсіпкерлер тігетін отандық өнімнің сапалы мектеп формалары мен аяқ киім, сондай-ақ, кеңсе тауарлары нарық бағасынан 5-10 пайызға жеңілдетілген бағада сатылды.
Жәрмеңкеде сатылатын оқушы киімінің сапасының жоғары болуына баса мән беріліп отыр. Мұндай жәрмеңке облыстағы 17 аудан-қаланың барлығында 20-22 тамыз аралығында үш күн бойы өткізіледі.
Айта кетерлігі, жаңа оқу жылына әлеуметтік осал топтағы отбасы балаларын мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 1,9 млрд теңге қаржы бөлінген. Қаржы 52 мыңнан астам баланың ата-аналарының есепшоттарына аударылуда.
450639 567922Yeah bookmaking this wasnt a speculative decision outstanding post! . 958031
480437 353456Aw, i thought this was an really very good post. In notion I would like to invest writing in this way moreover — taking time and actual effort to manufacture a really great article but exactly what do I say I procrastinate alot and no means apparently go completed. 297361