ТҮРКІСТАН: Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер Өңірлік кеңесінің бизнес-форумы өтті.

Бұл іс-шара «Ұлы дала елі» ғимаратының мәжіліс залында өтті.

Форумға Түркістан облысы Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Иманқұлов Н.Н., Түркістан облысы Өңірлік кеңес мүшесі Курбаналиев А.Ж., Түркістан облысы прокуратурасының қоғамдық мүддені қорғау басқармасының бастығы Боранбаев Н.Қ., «Түркістан» медиа-холдингінің бас директор орынбасары Қалыбай А.П., «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының заңгер-кеңесшісі Естебеков Н.А., Халықаралық туризм және меймандостық университетінің проректоры Қ.Аралбекова, Түркістан облысы мәслихатының депутаты, ЖШС Қуаныш директоры – Намазбаева И.Ә., Шымкент қаласының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Асыл Арман» компаниясының директоры Архабаева А.Н., Түркістан облысы мәслихатының депутаты Тажибаева Г.К. және өңірден 200-ге жуық бизнес-ханымдармен өз ісін енді бастаған кәсіпкерлер қатысты.

Алғашқы сөз «Атамекен» Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы -Ибадуллаев Асылан Сейілбекұлына беріледі.

«Бәрімізге белгілі, бизнесті сәтті жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Тек жұмыс істеп, тәжірибе алмасып, қиындықтарға тайсалмау керек. Біздің мақсатымыз – мыңдаған әйелдердің арманының орындалатынына көз жеткізу және гендерлік саясат шын мәнінде жұмыс істейтіндігін дәлелдеу», – деп атап өтті.

Бұл форумның мақсаты – әйелдерге өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға көмектесу және бастауыш кәсіпкер келіншектерді қолдау болып саналады. Қатысушылар бизнесте орын алып отырған мәселелерді жан-жақты талқылап, жан басын қаржыландыру тағы басқа көптеген мәселелер және өз бизнестерінің шыңына шығу жолында жеткен жетістіктерімен, тәжірибелерімен бөлісті.

Форум барысында облыс Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбақыт Иманқұлов және Халықаралық туризм және меймандостық университетінің проректоры Қ.Аралбекова, облысымызда әйел кәсіпкерлердің рөлінің зор екенін, қыз – келіншектерге ісін бастауға қолдау көрсетіп, дамытуына атсалысып, бар күшін салғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Бизнес-форумда өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына үлес қосқан іскер әйелдер алғыс хатпен және медальмен марапатталды. Форум қорытындысында, өңіріміздің атақты дизайнерлерінің өз қолынан шыққан этно — үлгіде және заманауи үлгідегі туындылары таныстырылды.

Бұл форумға облыс орталығынан бизнесвумен ғана емес, аудан өкілдері де келгеніне өте қуаныштымын. Іскер әйелдер кеңесі бұндай жетістіктерге, маңызды ұйымға айналады деп көптеген адамдар сенімсіздік тудырған. Бірақ белсенділігін арттыру мақсатында әйелдерді бір одаққа біріктіріп, қыз-келіншектерге мүмкіндігінше кәсіпкерлікті дамытуға дұрыс серпін беріп үлкен жетістіктерге жеткізді. Әр әйел өз армандарын жүзеге асыруға құқылы. Еселі еңбегіміздің жемісін көріп мақсатымызға жетейік.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған Түркістан облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы: Тулегенова Салтанат Ходжа-Мамедовна!

Ad Widget

Recommended For You