ТҮРКІСТАН: «ФАРАБ» КІТАПХАНАСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында 25 қазан – Республика күніне орай «Менің Отаным – Қазақстан!» атты шара өтті. Шара мақсаты оқырманның патриоттық сезімін ояту, өз елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеу, тегі мен тарихын білуге тәрбиелеу.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», – деген болатын. Осылайша Республика күнін мерекелік күнтізбеде қайта жаңғырту – бұл Жаңа Қазақстан өкілдерінің өз тарихи бастауын мойындауы мен ұрпақтар сабақтастығының, мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы халқымыздың тарихи еңбегі мен еркіндігін құрметтеудің символына айналмақ.

Салтанатты жиынды Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері Жарылқасын Әзіретберген мен кітапхана директоры Жанат Шардарбекова ашып берді. Сондай-ақ шараға зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты. Іс-шара барысында патриоттық әуезді әндер орындалды. Сауран аудандық көркем өнерпаздар «Асыл қазына» әжелер ансамблі «Атамекен» әнін орындаса, оқушылар мен студенттер өлең шумақтары оқыды. Ал FarUP жастары флешмоб биледі.

Шара соңында кітапхана қызметкерлері «Егемен ел Қазақстан!» хорын айтып, өнер көрсеткен қонақтар марапатталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.