ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «VOICE OF TURAN» ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕРЕБЕСІ ТАСТАЛДЫ

Бүгін Ұлы дала елі орталығында халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері байқауының жеребе алу рәсімі өтті. Байқау қатысушылары кезекпен өз нөмірлерін таңдап, ризашылықтарын білдірді. Қазіргі таңда шетелден қатысатын үміткерлер де Түркістанға келіп, дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев арнайы қатысып, байқау қатысушыларға сәттілік тіледі. 19-20 қазан күндері Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістан қаласындағы Конгресс Холл кешенінде кешкі сағат 19:00-де өтетінін алдын ала хабарлаған болатынбыз.

Байқауға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Әзірбайжан, Польша, Черногория, Беларусь, Молдова, Грузия, Сербия, Қарашай-Шеркес республикасы, Бурятия, Македония, Болгария мемлекеттерінен 18-35 жас аралығындағы эстрада әншілері қатысады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.