Түркістан NIS-тің тәжірибе тарату алаңында Сарыағаш, Арыс, Жетісай, Шардара, Қазығұрт, Отырар, Төле би, Түлкібас аудандары және Шымкент, Кентау, Түркістан қалаларынан жалпы саны 115 мұғалім бас қосты.
-Семинардың мақсаты: өңір мектептерінің мұғалімдерімен тәжірибе алмасу, оқыту үрдісін ұйымдастыруға бағыт-бағдар ұсыну болып табылады.
-Сарыағаш аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №32 Қ.Аманжолов, №15 Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы орта мектебі ұстаздарынан құралған топ 1 қараша күні Ертүріктің бесігі болған Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне тәжірибе алмасу мақсатында «Тәжірибелік семинарға» қатысты.
Жиын басында мектеп директоры Балқан Маратұлы алғысөз сөйлеп, семинарға келген барлық педагогтарға «бір күн бойы шеберлік сыныптарға қатысуда тиімді білім аласыздар» деген сенім білдірді.
-4 қазан күні аудандандағы жоғарыда аталған қос мектептің жас мамандары білімдерін шыңдау мақсатында зияткерлік мектебінде өтетін «Жастар форумына» қатысады.