ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕБІНЕ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ КЕРЕК

Түркістан қалалық  «Хамза атындағы №2 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Химия» пəні бойынша мұғалім қажет. Ваканттық қызметке өзбек тілінде оқытатын сыныптарында байқау жарияланады, лауазымдық жалақысы педагогикалық өтілі мен біліктілік санатына байланысты 110 мың теңгеден жоғары.

Химия пəні мұғалімі (өзбек сыныбында) – 1 (16 сағат)

Негізгі функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сəйкес оқытылатын пəннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды жəне тəрбиелеуді жүзеге асырады;

Білім алушы мен тəрбиеленуші тұлғасының жалпы мəдениетін қалыптастыруға жəне оны əлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды жəне дамытуға жəрдемдеседі;

Білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тəрбиелейді, педагогтың аты мен əкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе «учитель/мұғалім» тікелей қарым-қатынас арқылы қарым- қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тəсілдерін, тиімді нысандарын, əдістері мен құралдарын қолданады;

Пəндер бойынша қысқа мерзімді жəне орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау жəне тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

Бөлім бойынша жиынтық бағалауды жəне тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

Журналдарды электрондық толтырады;

Оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

Оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді жəне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

Білім алушылар мен тəрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пəндік нəтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

Оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды əзірлеуге жəне орындауға қатысады, оқу жоспарына жəне оқу процесінің кестесіне сəйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

Білім алушылардың, тəрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын жəне бейімділіктерін зерделейді;

Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

Арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пəннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тəрбиеленушілерді оқыту жəне тəрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

Интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

Əдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, əдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

Ата-аналарға кеңес береді;

Кəсіби құзыреттілікті арттырады;

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

Тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

Білім алушылар мен тəрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Біліктілігіне қойылатын талаптар:

— тиісті бейін бойынша жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім;

— біліктіліктің жоғары деңгейінің болуы (мүмкіндігінше);

— педагогикалық жұмыс өтілінің болуы (мүмкіндгінше).

Кəсіби құзыреттілікке қойылатын талаптар:

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мəртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Кемтар балаларды əлеуметтік медициналық-педагогикалық жəне түзеу арқылы қолдау туралы» заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жəне білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

оқу пəнінің мазмұны, оқу-тəрбие процесі, оқыту жəне бағалау əдістемесі;

педагогика мен психология;

пəнді оқыту əдістемесі, тəрбие жұмысы, оқыту құралдары жəне олардың дидактикалық мүмкіндіктері;

педагогикалық этиканың нормалары;

медиация техникасы жəне қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;

оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;

құқық негіздері жəне еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;

еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Кəсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

оқу пəнінің мазмұнын, оқу-тəрбие процесін, оқыту жəне бағалау əдістемесін білуі тиіс;

білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тəрбие процесін жоспарлау жəне ұйымдастыру;

білім алушының жалпы мəдениетін қалыптастыруға жəне оны əлеуметтендіруге ықпал ету;

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тəрбиелеу мен оқытуда жеке тəсілді жүзеге асыру;

кəсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.09.2022-26.09.2022 (осы уақыт аралығында n2_hamza84@mail.ru поштасына жіберілген құжаттар қаралады)

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куəландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан əрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куəлік (болған жағдайда).

10) Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама

11) 11-қосымшаға сəйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы + портфолио

Конкурсты өткізу мерзімі:

27.09.2022 – құжаттарды қарау Ескерту: жоғарыда аталған құжаттар сәйкес келмесе конкурсқа қатыса алмайды.

Мекен-жайы: Түркістан қаласы, С.Қожанов №46

Почталық индекс: 161225

Почта: n2_hamza84@mail.ru

Телефон: 3-19-44

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.