ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Түркістан облысы «Арыс қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты Қабылсай жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 1 қазан қарттар күніне орай 9-10 сынып оқушылары ауылдағы қарияларды қадірлеу шарасын өткізді. Белсенді оқушылар қарияларға құрмет көрсету, халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, ата-баба салтын ұмытпай есте сақтау мақсатында шараға үлес қосты.

— «Талай жасты тəрбиелеп, өскелең ұрпақты белсенділікке баулып, бойымызға рухани танымдық ой-өрісті сіңдіріп, дамуымызға қосқан үлестеріңіз үшін сіздерге алғыс білдіреміз! Үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге баулып, тәрбиелік мән қалыптастыруға жол ашып, өмірлік тәжірибелеріңізді бөлісіп, үйретіп жүргендеріңізді жоғары бағалаймыз. Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі!»,- деді шараға қатысқан оқушылар.

Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген асыл сөзді халқымыз бекер айтпаса керек. Қай кезде де халқының тілеуін тілеп, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман болсын!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 521221 28301Thank you for your really excellent details and respond to you. I need to have to verify with you here. Which isnt 1 thing I often do! I get pleasure from reading a publish that can make individuals think. Moreover, thanks for permitting me to remark! 34648

Добавить комментарий для web design for therapists Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.