Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясының отырысы болып өтті. Жиынды Қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы жүргізіп, төрағалық етіп отырды. Депутаттар онлайн және офлайн режимінде қатысып, ұсыныстары мен сұрақтарын қойды.
Сессия отырысына Қала әкімінің орынбасары Күзембаев Ерлан Бақытжанұлы, Оразбеков Байдулла Жүмадуллаұлы, Қала әкімі аппаратының басшысы Әуелбеков Әділ Арысбайұлы, Түркістан қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сыздыков Бауыржан Арыстанбекович, Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы – Арысбеков Серғазы Ақтөреұлы және қала әкімдігінің бөлім басшылары шақырылған.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер ұсынылып, қаралды.
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы «Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» №42/218-VI шешіміне өзгерістер енгізу;
2. Түркістан қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы «Түркістан қалалық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №42/219-VI шешіміне өзгерістер енгізу;
3. Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы;
Айтылған мәселелер бойынша баяндама тыңдалып, депутаттар тарапынан біршама сұрақтар қойылып, ол өз деңгейіндегі жауаптармен толықтырылды. Көрсетілген барлық мәселе бойынша ұсыныстар бірауыздан мақұлданып, шешім қабылданды.