ТҮРКІСТАН: ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! «Еуразиялық далалық өркениет: адам және тарихи-мәдени орта» атты Еуразия даласы археологиясының V халықаралық конгресі өтетіндігін хабараймыз

2022 жылдың 12-14 қазанында Түркістан қаласында «Еуразиялық далалық өркениет: адам және тарихи-мәдени орта» атты Еуразия даласы археологиясының V халықаралық конгресі өтеді.

Еуразиялық масштабтағы археологиялық форум Тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет өткізілмек. Іс-шараның басты мақсаты – аталған саладағы ғылыми қауымдастық өкілдерін бір арнаға тоғыстыра отырып, Еуразияның ежелгі және ортағасырлық тарихының өзекті мәселелерін шешу үшін ой мен күшті біріктіру болып табылады.

Конгресте Еуразия археологиясының бүгінгі өзекті іргелі мәселелері талқыланып, шешілу жолдары ұсынылады.

Конгресс жұмысы келесі бағыттар / секциялар бойынша жүзеге асырылады:

– Еуразия даласындағы ерте металл дәуірінде жүргізілген тарихи-мәдени үрдістер: дәстүрлер мен инновациялар;

– Еуразия ерте көшпелілерінің феномені;

– Орта ғасырдағы Еуразия даласының көшпелілері;

– Орта ғасырдағы Еуразия даласының урбанизмі;

– Еуразия дала мәдениет археологиясының зерттелу тарихы; Еуразия көшпенділерінің археологиялық мұрасын сақтау және музейлендіру.

Конгреске отандық және шет елден (Әзірбайжан, Армения, Австралия, Болгария, Венгрия, Ұлыбритания, Германия, Израиль, Иран, Канада, Қытай, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Польша, Пәкістан, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея, Жапония) келген жетекші ғалымдар қатысады.

Конгресс өткізілетін орын:

Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29/4

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Конгресс жұмысының ашылуы 12 қазан, сағат 10:00

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Мәдениет сарайының Үлкен залы

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.