ТҮРКІСТАН: «ҮЗДІК ШЕБЕР — 2022» БАЙҚАУЫНЫҢ БЕС ҚАТЫСУШЫСЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім ұйымдары педагогтерінің арасында «Үздік шебер — 2022» байқауы өтті.

Сайысқа «Электрқондырғысы» құзыреттілік орталығына кіретін он колледждің өкілдері қатысты. Конкурс Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің базасында болды. Педагогтердің шеберлік деңгейі WorldSkills жарыстарында қолданылатын мамандандырылған ақпараттық CIS бағдарламасында бағаланды және қорытынды баллдары шығарылды.

Тартысты өткен шеберлік жарысының нәтижесінде бес қатысушы жүлделі орындарды иеленіп, озып шықты. Атап айтқанда, Қ.Ж. Рахымбеков, №19 колледж, Е.И. Орынбеков, № 8 колледж, С.М. Мамаходжаев, Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледж, А.С.Тойматов, Е. Сарманов атынд. гуманитарлық агро-экономикалық колледж, Ә.Ж. Айтқұл, Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.