ТҮРКІСТАН: ҰСТАЗДАРЫН ҰМЫТПАЙ ҚҰТТЫҚТАП, ҰЛЫҚТАҒАН ГЕНЕРАЛ!

Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат Кабденов Талапұлының өзінің мектептен бергі ұстаздарын және көп жыл ұстаздық қызмет еткен әкесіне құрмет көрсете құттықтауы- өзгеге үлгі-өнеге, азаматтық игі іс.

Өйткені, полиция болып, офицерлік немесе сержанттық шенінің буына мастанып, формасына мақтанып, шалқайып, үстіндегі полиция формасы мен өкілеттілігін асыра пайдаланып жүрген полиция қызметкерлерін жиі көреміз, көп естиміз.

Ондай полициялар ұстаздарын құттықтамақ түгілі, ата-анасын ардақтап қарық қылмас…!

«Әкеден ұл туса игі еді, әке жолын қуса игі еді» демекші, Мұрат Талапұлы әкесінің жолын қуып, департамент басшысы, генерал шенді болып биік шыңға шықса да, масаттанбай, даңдайсынбай, алғаш әліп танытып, қалам ұстатқан және өзінің жоғары қызметтерге жетуіне себепкер болған ұстаздарын құттықтап, сый-құрмет көрсетуі- Мұрат Талапұлына

өнеге мен үлгі, құрмет сияқты ізгі қасиеттер — ата-анадан қан арқылы дарыса, ұстаздан тәлім арқылы жұғады және осы әрекеттері арқылы

өнегелі отбасыдан шыққанын дәлелдейді

Қоғамдық мәселемен Орал қаласынан арнайы барғанда Түркістан облыстық Полиция департаментінің басшысына жолығуға барғанда, қабылдау бөлімінің қызметкерлері «бастыққа кіру үшін бір ай бұрын жазылу керек, адам саны көп, басшының қабылдауға физикалық мүмкіншілігі жоқ» деп айтқанда, Мұрат Талапұлына мәселені айтып едім, менің алыстан қоғамдық мәселемен келгенімді ескеріп, өзі тікелей қабылдап, азаматтығын және кездескенде адами құндылықтарын көрсетіп еді.

Мұрат Талапұлы, ұлағатты ұлы тұлға-ұстаздардың еңбектерін ұмытпай, құттықтауыңызға мың алғыс айтамыз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.