ТҮРКІСТАН ӨНЕРПАЗДАРЫ «ЖЕТІ ҚАЗЫНА» ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ШОУ БАҒДАРЛАМАСЫ-НЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ҚАТЫСУДА

Түркістан облысының өнер және спорт саласының үздіктерінен құрылған команда ҚР Үкіметінің қолдауымен «Хабар» телеарнасы ұйымдастырып жатқан «Жеті қазына» Республикалық телевизиялық шоу бағдарламасына екінші кезеңіне қадам басты. Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің барлық өңірінен өнер және спорт саласының үздіктері бақ сынайтын бағдарлама телеарнаның жаңа маусымында көрерменге жол тартқан болатын.

«Жеті қазына» мега-жобасында әр өңірден келген өнерпаздар мен спортшылар атадан балаға мұра болып келе жатқан ән, жыр-терме, күй, айтыс, күрес, қол күресі, арқан тартыс секілді жалпы сайыстың 10 түрінен бақ сынайды. Бағдарлама мақсаты ұлттық өнерімізді, ойындарымызды, құндылықтарымызды дамытып, қазіргі заман талабына сай жаңашаландырып, әр өңірдің өзіне тән дәстүрін өскелең ұрпаққа насихаттау болып табылады.

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Уәли мырза өзінің әлеуметтік парақшасында «Бұл өнер додасы облыстар арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуды және өзара тәжірибе алмаса отырып, үздіктерді анықтап, көрерменге таныстыруды көздейді. Барлығы 20 өңір арасында 10 сайыс өтеді. Жобаның өңірлерде көрінбей жүрген өнерпаздардың танылуына да септігі тимек» деп хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін алғашқы кезеңде Қостанай облысының командасымен сайысқа түсіп, екінші кезеңге жолдама алған болатын. Алғашқы хабар 4 қыркүйектен бастап әр жексенбі сайын «Хабар» арнасынан көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар барша өнерпазға сәттілік тілей отырып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер дейміз! «Жеті қазынаны» тамашалап, өңіріміздің командасына қолдау көрсетейік!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.