ТҮРКІСТАН: 2022 жылдың 29 қырқүйек күні музейде «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» атты іс-шарасы өтті.

Іс-шараны директор міндетін уакытша атқарушы Қыдырбаева Айнұр Мамырқызы ашып беріп, кеш қонақтарына жақсы тілегін білдірді. Шараны музей экскурсия жүргізушісі Әбдірахман Ерлан жүргізді.

Аталған іс-шараға Қазақстандық зілтемірші, Әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері — Жазира Жаппарқұл, бокстан Әлем чемпионы Біржан Жақыпов, сонымен қатар «Тұран» футбол академиясының жаттықтырушысы Карибаев Рим және Алия Юсупова атындағы көркем гимнастика мектебінің хореограф-жаттықтырушысы Карманова Айнұр спикер ретінде қатысып, сөз сөйледі. Сонымен қатар, музейдің Ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету(табиғат және экология) бөлімінің ғылыми қызметкері Бердикулова Майра іс-шараға арнайы ұйымдастырылған «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» атты көрме бойынша экскурсия жүргізді.

Сондай-ақ, іс-шарада «Жазира Жаппарқұл атындағы спорт және спортшыларды қолдау орталығының» жас зілтеміршілері мен «Алия Юсупова атындағы көркем гимнастика мектебінің» гимнастшылары және «Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалар спорт мектеп-интернатының» жас спортшылары өнер көрсетіп, іс-шараға белсене атсалысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.