Түлкібас ауданы: Ардагер журналиске құрмет көрсетілді

“Шамшырақ” газеті – Түлкібас ауданының айнасы.


90 жылдық тарихы бар басылым бүгінге дейін аудан тұрғындарын жағымды жаңалықпен құлағдар етіп келді. Ғасырға жуық жасаған газет талай таланттардың бағын ашты. Жұлдызын жақты. Мекемтас Мырзахметов, Тұтқабай Иманбеков, Мархабат Байғұт, Алпысбай Боранбайұлы сынды елімізге танымал қаламгерлердің тырнақалды туындылары осы газетте жарық көрді. Газеттің дамуы мен сапасының артуы жолында еңбегі сіңген талай азаматтар бар. Солардың бірі – осы басылымда қырық жылға жуық еңбек еткен Арысбай Айтаманов. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Сексенінші жылдардың басында екі тілде басылып шығатын газетке аудармашы болып қызметке кірген Арысбай ағамыз қырық жылға жуық уақыттың ішінде бас редакторлық қызметке дейін көтерілген. Зейнетке шыққан екі жыл ішінде «Шамшырақ» газетінде жауапты хатшы қызметін атқарып келді. Жуырда зейнет жасқа толған туған күнінде Арысбай ағамызға редакция ұжымы атынан газеттің бас редакторы Марат Қалтаев шапан жауып, құрмет көрсетті.

«Алғаш жұмысқа келген жылдары аптасына үш реттен газет басатын кезіміз болды. Қазіргідей дамыған техниканың жоқ кезі. Арнайы машинкамен терілген беттерді қателеспей тура есеппен беттеп, балқытылған қорғасынға басамыз. Қателесуге болмайды және кешірілмейді. Тәуелсіздік алған уақыттарда басылған газет беттері қазақшалана бастады. Сол сәтте іштей қуанып, жарқын болашаққа сендік. «Жалғыз ағаш үй болмас, жалғыз адам би болмас» дегендей, газет бүгінде қандай дәрежеге жетсе де, ұжымның арқасы. Алдағы уақытта «Шамшырақ» газеті ұжымына тек сәттілік тілеймін»,-деді Арысбай Айтаманов. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.