Түркия Халықаралық қазақ-түрік университетінің дамуына 20 млн. доллар бөлмек

Түркия Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің дамуына 20 млн. АҚШ долларын бөлмек.


Бұл – игі істің басы ғана. Қомақты қаражат қара шаңырақты жаңғырту жобаларына жұмсалады. Білім ордасында түркология, Ясауитану орталықтары ашылады. Әлемнің ең үздік оқу орындарынан білікті мамандар тартылады. Жаңа факультеттер ашылып, үш тілде білім беретін мектеп салынады.

Халықаралық білім ордасының даму жоспары жайлы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы Мухитдин Шимшек мырзамен кездесуі барысында талқыланды. Университет клиникасы заманауи жабдықтармен қамтылып, мамандардың түркиялық білікті дәрігерлермен тәжірибе алмасу жүйеге қойылады. Оқу орнының ботаникалық бағы жөндеуден өтеді.

«Университет Түркістанмен бірге гүлденіп, дамуы тиіс. Жас, жанып тұрған жастарды жұмысқа тарту керек. Университетке жаны ашитын, оқу орнына берері мол азаматтарды таңдау қажет. Ішкі контентті күшейту керек. Ұстазға, студентке деген талапты күшейткенде ғана, әлемнің дамыған оқу ордаларымен теңдесе алады. Ол үшін студенттерді, мұғалімдерді материалдық тұрғыда қолдау қажет», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Облыс әкімі арнайы шақыртумен келген университет мұғалімдерін баспанамен қамтамасыз етуді ұсынды. Ол үшін ұстаздарға арналған тұтас бір көпқабатты үй – «профессорлар үйі» бөлінуі мүмкін. Кездесу барысында халықаралық университетте ауыл шарушалығы факультеті, зертхана, гидромелиорация саласының мамандарын дайындайтын факультет ашу туралы айтылды. Оқу орнының жеке спорт кешенін салу мәселесі ортаға салынды.

«Мен Түркістанға шексіз ғашық жанмын. Ой-пікіріміздің бір жерден шыққанына қуанып отырмын. Университетті дамыту бойынша ауқымды жоба жүзеге асады. Сингапурдағы білім беру жүйесін көп зерттедім. Осы бағытта жұмыс атқаратын боламыз. Түркиядан профессор, оқытушы мамандарды шақырып жатырмыз. Оқытушыларды таңдаған кезде үлкен мән береміз. Университетті дамытуға шамаммен 20 млн. долларды құрайтын қаражат бөлінеді», – деді Мухитдин Шимшек.

Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта мәдени-танымдық жұмыстарды жандандыруға уағдаласты.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.