Түркістандық білім саласының қызметкерлері «Менің таза мектебім, менің таза қалам» ұранымен тазалыққа үлес қосты

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясына түркістандық білім саласының қызметкерлері де өзіндік үлестерін қосып жатыр.

Бүгін қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы бастаған білім бөлімінің қызметкерлері, білім ұяларындағы ерікті топтар, яғни сала қызметкерлері киелі қала азаматтары ретінде «Менің таза мектебім, менің таза қалам» ұраны аясында білім ұяларының аумақтарын тазартумен қатар ағаштар, гүлдер отырғызып, мектеп пен балабақшаның ғана емес, қасиетті қаланың абаттануына, көгалдануына да өз үлестерін жоғары дәрежеде қоса білді.

Расында да, адам – табиғаттың төл перзенті, өйткені ол табиғатпен және жердегі барлық тіршілікпен байланысты. Бұл тепе-теңдікті сақтау керек.

Халық ара­­сын­да қоғамдық және эко­­­ло­­гия­лық мәдениетті қалып­тас­тыру, отан­сүйгіштік, туған жерге және қоршаған ортаға деген жана­шырлық пен құрмет құн­ды­лық­тарын дәріптеу мақсатында, мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы — осындай қадамдардың бірі.

Бес апта бойы жалғасатын игі бастама «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының алғашқы аптасы «Таза өлке» сенбілігі аясында Әмір Темір атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінде мектеп директоры Г.Мамбетованың басшылығында еріктілер тобынан құралған «Бірге таза Қазақстан» сенбілігі болып өтті.

Сенбілікке еріктілер тобы жұмыла атсалысып, мектеп аумағында тазалау, сырлау, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Күл- қоқыстарды тазалап, гүл көшеттері егілді.

Айтпақшы, Түркістан қаласы білім бөлімінің «Әмір Темір атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогтің бос лауазымына конкурс жариялайды.

  1. Лауазым атауы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
  2. Жұмыс мерзімі: тұрақты (0,5)
  3. Сағат жүктемесі: 8 сағат
  4. Өтініш қабылдау уақыты: 09.04.2024 — 17.04.2024ж.
  5. Өтініштеріңізді: n3_amir_temir@mail.ru электронды поштасына немесе қағаз түрінде мектептің кадр бөліміне өткізсеңіз болады.
  6. Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Н. Төреқұлов көшесі №1а
  7. Хатшы: +7(708) 5266912
  8. Жұмыс уақыты: 9:00-18:00
  9. Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма
  10. Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

  1. наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Мемлекеттік білім беру ұйымының педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі, құжаттар қабылдау, біліктілік талаптары, негізгі функционалдық міндеттері «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығы және «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 121 бұйрығы негізінде жүргізіледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin