Түркістан: «Ауыл – ел бесігі» жобасы Сарыағаш ауданы ауылдарының ажарын ашуда

«Ауыл — ел бесігі» жобасы жолға қойылғаннан бері Сарыағаш ауданына қарасты елді мекендердің жолдары жөнделіп, көшелері жаңартылуда.


Бұл жоба аясындағы жұмыстар жыл сайын емес, күн сайын жүзеге асып жатыр.

Ағымдағы жылы Сарыағаш ауданы бойынша «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджет есебінен Ақжар ауылдық округіне қарасты 8 көше және Дарбаза ауылдық округіне қарасты 4 көшеге орташа жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Дарбаза ауылдық округіне қарасты 4 көшеге, атап айтқанда Ш.Уалиханов, Қойкелді, Т.Аубакиров, Қажымұқан көшелеріне толықтай асфальт төсеу жұмыстары аяқталған.

Ақжар ауылдық округіне қарасты 2 көшеге Ынтымақ пен О.Еспенбетов көшелеріне асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары аяқталған. Ал қалған 6 көшеге Панфилов, Бегалы ата, Т.Орынбай ата, М.Маметова, Қажымұхан, Батырхан ата, Балықбай ата, Абай көшелеріне шағал төсеу жұмыстары жүргізіліп, тамыз айының соңына дейін асфальт жамылғысын төсеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

«Ауыл — ел бесігі» ауқымды жобасы аясында ел дамуының алтын бесігі болған ауылдар қарқынды дамып келеді. Бұл жоба алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге бастайтыны сөзсіз.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.