Түркістан: Бәйдібектік кәсіпкер 20 отбасыға қайырымдылық жасады

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының азаматы, кәсіпкер Сәбит Молдабеков жаңа оқу жылы қарсаңында Борлысай ауылдық округіне қарасты Қошқарата, Кеңсай елді мекендеріндегі тұрмыс жағдайы төмен 20 отбасының балаларына арнап мектепке қажетті оқу құралдарын сыйлады. 


Жерлестеріне қол ұшын созған азамат Борлысай ауылдық округінде туылған. Қазіргі таңда Алматы қаласында тұратын кәсіпкер өзі туып-өскен ауыл-аймаққа игілікті іс жасап жүрген азаматтардың бірі.

Ол жыл сайын өзінің туған жері Борлысай ауылдық округіндегі тұрмысы төмен отбасыларға демеушілік жасап, көмек қолын созып, қолдау білдіріп келеді. Туған жерінен жырақта жүрсе де, жерлестерін ұмытпай, әрдайым демеушілік жасап, Борлысай ауылдық округінің дамуына өз үлесін қосып отырған азамат Сәбит Молдабековке жерлестерінің алғысы шексіз.

Айта кету керек, Түркістан облысында «Мектепке жол» акциясы жалғасуда. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен «Менің Атамекенім» ҚБ арасында мұқтаж отбасыларға көмек жинау туралы жасалған келісім аясында аtamekenim.kz порталы арқылы жыл бойынғы форматқа көшірілді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.