Түркістан: Шардара ауданында жуырда ғана отау құрған жас отбасы алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады

Түркістан: Жас отбасы алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.


Түркістан облысы Шардара ауданында жуырда ғана отау құрған жас отбасы алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Жаушықұм ауылдық округінің тұрғындары Ержан Қожантай мен Әсел Айтбай сайлау науқанына немқұрайлы қарамай белсенділік танытуды азаматтық парызым деп біледі. Сол себепті де алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады.

«Бұл өзіміз тұрып жатқан ауылдың болашағы үшін аса маңызды науқан. Сондықтан жұбайымыз екеуміз азаматтық құқығымызды пайдаланып, өз таңдауымызды жасадық. Жергілікті тұрғындардың әл-ауқатының көтерілуі, жас кәсіпкерді қолдау сияқты маңызды мәселелер болашақ әкімдердің қолында. Сол үшін де іскер, білікті әкімді халықтың өзі сайлап алғаны өте орынды деп ойлаймын», – деді Е.Қожантай.

Айта кетейік, жалпы Жаушықұм ауылдық округінде 2452 тұрғын болса, оның 1274-і дауыс беру құқығына ие.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.