Түркістан: Жетісайда 32,8 шақырымды құрайтын 38 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Жетісай ауданы көлік жолдарының жалпы ұзындығы 365,3 шақырымды құрайды.


Осы жолдардың 43,6 шақырымы – республикалық, 210,4 шақырымы – облыстық, 111,3 шақырымы – аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жатады.

Елді мекен көшелерін орта жөндеу бойынша 2021 жылы облыстық және жергілікті бюджет есебінен жалпы ұзындығы 32,8 шақырымды құрайтын 38 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қазіргі таңда оның 25,7 шақырымы яғни 32 көшесі толық аяқталған.

Ал, «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы аясында Асықата кенті және Қазыбек би, Өркенді, Достық елді мекендері бойынша жалпы ұзындығы 41,9 шақырымды құрайтын 67 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 6,6 шақырым яғни 8 көшесі толық аяқталған.

Қосымша айта кететін болсақ, Жетісай ауданы бойынша жалпы ұзындығы 13,2 шақырымды құрайтын 24 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аудан бойынша елді мекен көшелеріне аяқ жол салу бойынша жалпы ұзындығы 5,47 шақырымды құрайтын 6 көшеге аяқ жол салу жұмыстары жүргізілуде.

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.