«Жанашырлыққа — жан риза» Қайырымдылық жасасаң,Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы.
Қайырымдылық жасау-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін бір-біріне деген ерекше ықыласымен көмегі. Өздеріңіз білетіндей маңғыстаулық ағайындар көктемгі жауын-шашынның аз түсуіне байланысты тиісті мөлшерде мал азығын аламай елден көмек сұраған болатын. Ел қиналып жатқанда құр отыруды ар санаған жетісайлық шаруалар бұған дейін 74 тонна шөпті жинап батысқа жіберген еді. Бүгін өз еріктерімен «Атамекен» ауылының халқы 45 тонна шөпті жинап, көмек ретінде жіберіп жатыр. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейтін азаматтарымыз көп болсын.
«ANYQ.KZ» — ақпарат