Түркістан: Жетісай ауданында ауыз судың мәселесін шешу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда

Өзге өңірлерге қарағанда жазы ыстық болатын Жетісай ауданында ауыз судың мәселесін шешу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.


Кей елді мекендерде жаңадан ауыз су мұнаралары іске қосылып жатса, енді бірінде барына күрделі жөндеу жүргізілуде. Мұның бәрі, әрине, қаралған қаржының көлеміне қарай атқарылып жатқан жұмыстар.

Абай ауылдық округінде болған аудан басшысы Мұрат Қадырбек өзекті мәселені назардан тыс қалдырмады. 348 түтінінде 2041 тұрғыны бар Жүзімдік елді мекенінде қосымша салынған ауыз су мұнарасында болып, мамандармен жүздесті. Тіршілік көзі саналатын судың тұрғындарға жеткізіліп беруі жайында әңгімелесті.

5 млн 925 мың теңгеге іске қосылған су мұнарасына талапқа сай ЭЦВ-8-25-100 су сорғыш насосы орнатылған. Қуаттылығы секундына 25 текше метр. Елді мекендегі халық санының өсуіне байланысты кеңестік дәуірде салынған ескі су мұнарасының қуаты жетпегендіктен Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысымен «ИнжСтройГрупп» ЖШС қосымша жаңа су мұнарасын 2 айда іске қосып отыр.

«Адам ас-ауқатсыз бірнеше күн өмір сүруі мүмкін, бірақ, сусыз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан, тұтынушыға суды уақытылы, үздіксіз жеткізіп беріп отырыңыздар. Су есептегіш құралдары арқылы пайдаланылған ауыз суға ғана ақы алыңыздар, артық төлем жиналмасын. Осылайша рет-ретімен аудандағы барлық елді мекендердің ауыз су мәселесін шешетін боламыз» деді аудан басшысы.

Кездесу барысында мамандар кейбір тұрғындардың ауыз сумен үй іргелік егістіктерін суғаруы салдарынан жетіспеушіліктің туындайтынын алға тартады. Бұл бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бірқатар тұрғындарға ескертулер де жасалған.

Айта кетейік, Абай ауылдық округі аумағындағы су жүйелері «Жетісай су» МКК теңгерімінде. Бір елді мекенде ауыз су тәулігіне 12 сағат, қалған 5 елді мекенде тәулігіне 8 сағаттан беріледі.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.