Түркістан: Жетісай ауданында қосымша 6 бағытта ауылдарға қоғамдық көлік қатынайды

Жетісай ауданында қосымша 6 бағытта ауылдарға қоғамдық көлік қатынайтын болады. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Жетісай ауданын да ең өзекті мәселелердің бірі осы қоғамдық көліктер болып келген еді. Аудан орталығынан 50 шақырымдай шалғай жатқан елді мекендерден келу үшін, жеңіл көлікке адам басына 400 теңгеден 800 теңгеге дейін төлейтін. Бұл әрине қалтаға едәуір шығын еді. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында, Маусым айының 1 ші жұлдызынан бастап 1. «Жетісай – Атақоныс – Жетісай», 2. «Жетісай – Жеңістің 40 жылдығы – Жетісай», 3. «Жетісай – Сәтпаев – Жетісай», 4. «Жетісай – Жібек-Жолы – Жетісай», 5. «Жетісай – Жүзімдік – Жетісай, 6. «Жетісай – Әл-Фараби (Жылы су) – Жетісай» бағыттары іске қосылады. Қосымша айта кететін болсақ, бұған дейін қалаішілік «Ынтымақ» және қала маңындағы «Жетісай — Асықата — Жетісай», «Жетісай — Сырабат — Жетісай», «Жетісай — Көк төбе — Жетісай», «Жетісай — Сейфуллин (Жылы су) — Жетісай», «Жетісай — Сейфуллин (Ералиев) — Жетісай» бағыттары ашылған болатын.

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.