Жетісай ауданы әкімі, «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Қадырбек Мұрат Болатұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға ауыл округ әкімдері, бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар әлеуметтік көмек, ауыз су, жол, тұрғын үй, ағын су, атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өтініштерін айтып келді. Солардың бірнешеуіне тоқталып өтсек. Ш.Ділдабеков ауылдық округі «Жамбыл» елдімекенінің тұрғындары, тұрғын үй, ауыз су, жол, мәселелері бойынша шағымдарын жеткізіп, шешіп беруін сұрады. Өз кезегінде Мұрат Болатұлы ауыз су мен жол салу бойынша бөлім басшыларына нақты тапсырма беріп, қолға алып шешіп беретінін жеткізді. Атаулы әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй кезегіне тұрып үй алу, үй салу үшін жер сұраған тұрғындарға заң аясында кеңестер беріп, оң шешілуіне ықпал жасайтынын жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде аудан әкімі қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып тұрған ауыз су мәселесіне де тоқталып өтті.
«Бізге бірінші кезекте инфрақұрылмдарды жолға қойып алуымыз керек. Азаматтарды таза ауызсумен қамтамасыз етуді жеделдете отырып шешуге тиіспіз. Таза ауызсу арқылы біз қаншама тұрғындардың денсаулығын жақсартып қана қоймай, сол арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыра аламыз», —деді аудан басшысы.
«ANYQ.KZ» — ақпарат