Түркістан: Келесте 42 аудандық маңызы бар және ішкі жолдарға орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Ауданда «Қазығұрт» индустриалдық аймағы құрылған. Аумағы 35 гектар. 10,86 гектар жер телімінде 7,3 млрд. теңгелік 193 жұмыс орнын құрайтын 5 жоба орналастырылған.


2021 жылы 96,8 шақырымды құрайтын 42 аудандық маңызы бар және ішкі жолдарға орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазығұрт аудан аумағында жалпы 68 мектептің 54 типтік 14 ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Оның ішінде 2 мектеп апатты жағдайда. 2021 жылы 4 білім ұясы пайдалануға беріледі. 3 мектептің құрылысы басталады. Осылайша мектеп мәселесін шешу жоспарланған.

Биыл қазығұрттық 13 жас спортшылары (бокс, грек-рим күресі, ушу-саньда, жекпе-жек, белбеу күресі) ҚР чемпионы атанған. 2021 жылы республикалық, облыстық чемпионаттар мен турнирлерде, спартакиадаларда аудан спортшылары 29 алтын, 33 күміс және 43 қола медалдарға ие болған. Жақсы нәтиже!

Аудан бойынша 55 денсаулық сақтау мекемелері тұрғындарға қызмет көрсетуде. Бірақ орталық ауруханада халық игілігіне қажет негізгі медициналық аппараттар ескірген. Компьютердік томаграфия жоқ, рентген аппараттарының, санитарлық автокөліктердің 80 пайызға жуығы тозығы жеткен. Ауданның 11 фельдшерлік-акушерлік пунктте, 2 медициналық пунктте медицина қызметкерлері санитарлық-гигиеналық талаптарға мүлдем сай келмейтін ғимараттарда халыққа қызмет көрсетуде. Мәселе бойынша 2022-2023 жылдарға «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 5 нысан қаржыландырылатын болады.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.