Түркістан: Келестік кәсіпкерлер «Су шықпайды» деген жерге егін егіп, өнім алуда

Келес ауданында «Н.Нұрсұлтан.Ә» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі «ағын су шықпайды» деп топшыланған 26 гектар қырлы жерге жер асты ыза суы арқылы егін суарып, өнімін алуда.


ұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Егіннің бидай, қарбыз, картоп, құлпынай, қияр сынды өнімдерін еккен шаруа Ұшқын ауылдық округіндегі «су шықпайды» деген жерін игеріп, өз мақсатында ұтымды пайдалануда екен.

«Көрші елмен шекара аумағындағы бейтарап аймақтан Бозсу каналы ағып өтеді. Соны ескере келе жер асты ыза суын жинайтын арнайы бассейн қаздырдық. Мұнда жиналған су матор яғни, қозғалтқыш арқылы алқапқа жіберіледі. Алқаптан ағып түскен ақаба да, жерге сіңген су да қайта осында келіп құяды. Одан бөлек, жаңбырлатып суару әдісінде қолға алып, заманауи технологияларды барынша енгізуге әрекет жасап жатырмыз» — дейді шаруақожалық иесі Тұрлыбай Жоланов.

Осылайша ағын суды үнемдеудің ерекше тәсілін тапқан ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтің диқандары еккен егінін қалай суарам деп алаңдамай отыр. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.