Түркістан: Келес ауданында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны өтуде

Келес ауданында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны өтуде. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Түркістан облысы Келес ауданының әкімдігі 2021 жылы 1-12 маусым аралығындағы «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен өткізіліп жатқанын хабарлайды.

Науқанды өткізудің негізгі мақсаты – қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата – аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.

Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен БАҚ-тың бала еңбегін пайдалануды алдын алу және болдырмау мәселелерінде серіктестік пен ынтымақтастықты дамытуға себеп болады.

Бала еңбегінің нашар түрлеріне тартылған жағдайда балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетуді алдын алу үшін Келес ауданы әкімдігінің – 8/700/325-05-16 сенім телефонына хабарласа аласыздар.

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.