Түркістан: Келес ауданында Рәміздер күніне орай автокөлік шеруі жолға шықты

Келес ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 4-маусым ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 автокөлік және 30 мемлекеттік тумен ауданның орталығы Абай ауылы және Қошқарата ауылдық округтерінде автошеру ұйымдастырылды.


Іс-шараның мақсаты — мемлекеттік рәміздердің еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі екенін, сондай-ақ халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгі ретінде таныту.

Айта кету керек, бүгін Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қазақстандықтардың Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, өскелең ұрпақтың патриоттық санасын жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған шаралар барысында аудан, қала көшелерінде ту мен елтаңбаны көтерген автокөліктер шеруі, аттар керуені, флешмобтар өтіп, барлық мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік нысандарға тулар ілінді. Санитарлық талаптарды сақтай отырып жергілікті тұрғындар мен мектеп оқушылары, этнос өкілдері қатысқан мерекелік іс-шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқаумен өз жалғасын тапты.

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.