Түркістан: Келес ауданында 132 электр бағанасы жаңартылуда

Түркістан  облысы, Келес ауданында ескі бағаналар жаңартылуда. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Айта кету керек, бүгінге дейін ауданда жоғары кернеулі желі тіреулері мен электр бағаналары алмасты. Жөндеу жұмыстарын «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС есебінен жүзеге асыруда.

«ОңтүстікЖарықТранзит» мекемесінің 2021 жылға жоспарлаған инвестициялық бағдарламасы Келес ауданында қарқынды жүріп жатыр. Аудан бойынша Біртілек ауылдық округінің Керегетас, Оразата елді мекендері сондай-ақ Абай ауылындағы Арал мөлтек ауданындағы ескірген ағаш бағаналары темірбетон бағаналарымен алмастырылады. Сонымен қатар кернеуі 0,4 киловольттық электр сымдары да жаңаланады.

Қазіргі таңда мекеме қызметкерлері ұзындығы бойынша 4,3 шақырым жерге 132 электр бағанасын жаңарту жұмыстарын жүзеге асырып келеді. Жаңарту жұмыстары аяқталған соң 125 үй сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда. Ал қыркүйек айында Ораз ата ауылы көшелеріндегі ескірген электр бағаналарын жаңасына ауыстырылады. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.