Түркістан: Келес ауданында 99 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

Түркістан облысы, Келес ауданындағы 99 оқушы Алтын белгі иегері атанды. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Келес ауданында биылғы оқу жылында негізгі мектепті 2 591 оқушы тәмамдады. Ал жалпы орта мектеп курсын 1 871 оқушы бітірді. Соның ішінде «Алтын белгі» белгісіне барлығы 25 мектептің 102 оқушысы үміткер болып тіркелді. 102 үміткердің ішінен 3 оқушы бітіру емтиханында үздік баға ала алмады. Нәтижеде 99 оқушы талаптарды орындап, яғни үздік баға алып, «Алтын белгі» белгісінің иесі атанды.

Биылғы жылы алғаш рет емтихан материалдары электронды нұсқада жеткізіледі және «Алтын белгі» белгісіне үміткерлердің жазбаша емтихан (эссе, алгебра және анализ бастамалары) жұмыстарын облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы жанынан құрылған комиссия тексеріп, қорытынды берді. Сондай-ақ, оқу жылының 2, 3 және 4 тоқсандарында басқа өңірден көшіп келген білім алушы болса, оның бұрынғы оқыған мектебінің тізімінен қаралады. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.