Түркістан: Келес өзенінен бастау алатын Шошым каналындағы ағын судың мөлшері көбейтілді

Келес ауданы әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев тиісті сала мамандарымен Сарыағаш ауданы аумағында орналасқан «Шошым» су бөгетіне барып, судың деңгейін бақылап қайтты.


Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өзеннің жағдайын көзімен көріп, тиісті сала басшылығымен келіссөздер жүргізе отырып, Шошым» магистралды каналына су өлшеу бекетінен ағын су мөлшерін арттыруға қол жеткізілді. Аталған келіссөздің мақсаты каналдың етегінде орналасқан Келес ауданының Біртілек ауылдық округі Көлтөған елді мекеніндегі шаруаларға суды жеткізу болып табылады. Көрші ауданның су шаруашылығы мекемесінің басшылығымен канал бойындағы тоғандарды бақылауға алуға келісілді. Айта кететін жайт, «Шошым» магистралды каналы 28,5 шақырым, оның ішінде 17,0 км «Сарығаш ауданы су шаруашылығы» МКК теңгерімінде, ал 11,5 км «Келес ауданы су шаруашылығы» МКК теңгерімінде. «Шошым» МК іргелес жер көлемі 2482 га, оның ішінде Сарыағаш ауданы аумағында 1075га, Келес ауданы аумағында 1407 га бар.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.