Түркістан: Кентауда «Jas fest» жастар фестивалі өтті

Кентау қаласы Ащысай ауылында Жастар ресурстық орталығы және Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе ұйымдастыруымен «Jas fest» жастар фестивалі өтті.


Ащысай ауылы жастары арасында өткен спорттық іс-шара «ҚР Тәуелсіздігіне – 30 жыл» мерекелік іс – шаралар аясында қолға алынып отыр. Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кентау «Jas fest» атты фестивальде  кіші футбол, арқан тарту және тоғызқұмалақтан жарыс өтті.

Жарыс барысында жастар белсенділік танытып жазғы мезгілде уақыттарын тиімді пайдаланып спортпен шұғылданды.

Айта өту керек, жарыстың мақсаты — Ащысай ауылының жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлықпен күресу;

Жастардың шеберлігін шыңдау және қарым қатынасын нығайту болып табылады.

Жарыс соңында жастарға Жастар ресурустық орталығы және Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы дипломдары мен ынталандыру ретінде ауыл жастарына сыйлықтар табысталды.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.