Түркістан: Мақтааралда 165 гектар алқапқа тамшылатып суару технологиясын ендіру тапсырмасы 100%-ға орындалды

Мақтаарал ауданында 2021 жыджың 4 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4,5 миллиард теңгеге жетті. Бұл туралы Түркістан облысының БАҚ өкілдеріне берген брифингінде аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.


Биыл мақтааралдық диқандар 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның 34,9 мың гектары мақта дақылына тиесілі. Сонымен қатар, 622 гектар көкөніс дақылы егіліп, қырыққабат және қызылша дақылдарынан 20048 тонна өнім өндірілген және оның 80 пайызы шетелге экспортталған.

Мақтааралдық диқандарға ағымдағы жылы жылыжайлар көлемін қосымша 10 гектарға ұлғайту тапсырмасы берілген болса, қазіргі уақытта 6,55 гектар жерге жылыжайлар құрылып үлгерілген. Сондай-ақ, 165 гектар алқапқа тамшылатып суару технологиясын ендіру тапсырмасы 100%-ға орындалыпты. Ал, 120 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алу тапсырмасы берілген болса, 4 айдың қорытындысы бойынша 61 дана техника, құрал-жабдықтар мен түрлі агрегаттар алынған.

Аудан басшысы жайылым жердің жоқтығына қарамастан мал басының саны артып жатқандығын да атап өтті. Яғни, малды жайылымда баққаннан көрі үйде ұстап бордақылайтын шаруалардың саны арта түскен екен.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында егістік жерлердің құнарлығын арттыру үшін 40 мың гектар жер ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру (ИДЖЖ-2, орысша: ПУИИД-2) бағдарламасына енген. Осы арқылы 220 канал, 208 су қашыртқылары ретке келтіріліп, 149 тік дренажды ұңғымалар жөнделуде. Қазіргі таңда, жалпы ұзындығы 47 шақырымды құрайтын 36 каналдың (К-13; К-20; К-18; К-11 тармақтарымен бірге) құрылыс жұмыстары толық аяқталыпты. Нәтижесінде, егістік алқабтарды суару кезенінде ағын судың шығыны төмендеген.

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.