Түркістан: Мақтаарал ауданында қоғамдық көліктер қатынауды бастады

Мақтаарал ауданындағы ең өзекті мәселелердің бірі — елді мекендерді қоғамдық көлікпен қамту мәселесі болып келген еді.


Аудан орталығынан 40-50 шақырымдай алыста орналасқан елді мекендерден келу үшін тұрғындар жеңіл автокөлікке жан басына 250 теңгеден бастап 500 теңгеге дейін ақша төлейді.

Жолаушылар көлігі саласын дамыту мақсатында аудан әкімі Асанов Бақыт Насырханұлының тікелей бастамасымен аудан тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың маусым айының 1-ші жұлдызынан бастап тұрақты ауданшілік бағыттағы Мырзакент-Атакент-Мырзакент маршруты бойынша қоғамдық көліктер өз жұмысын бастады. Қосымша айтар болсақ, аталған ауданішілік бағыттағы жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдауға бір шақырымына 6 (алты) теңгеден қатынауда.

Келесі кезекте Атакент-Көкпарсай-Атакент бағытын іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар, алдағы уақытта «Мырзакент-Шұғыла-Мырзакент», «Мырзакент-Бескетік-Мырзакент», «Мырзакент-Ж.Қалшораев-Мырзакент», «Мырзакент-Дихан-Мырзакент», «Атакент-Н.Есентаев-Атакент», «Атакент-Береке-Атакент», Мырзакент кентішілік, Атакент кентішілік бағыттары кезең-кезеңімен жоспарға сәйкес іске қосылатын болады.

Бұл қуанышты хабар туралы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғабит Полатов мәлімдеді. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.