Түркістан: Ордабасыда бау-бақша шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол

Ордабасы ауданындағы Бөржар ауыл округінде тамшылатып суару әдісімен қарқынды алма бауы және сүйекті жеміс түрлерін өндіретін «Александровский сад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар.


Бұл серіктестік 2014 жылы құрылған. 2016 жылдың көктемінде 20 гектар жерге қарқынды алма бауын отырғызған. Ал, 2019 жылы қосымша тағы 20 гектарға алма, шабдалы, нектарин, сүйекті жемістерін отырғызған. 2020 жылы 50 гектар жерге сүйекті жеміс түрін отырғызуды жоспарлаған.

Түркия мемлекетінен әкелінген көшеттер елімздің ішкі нарығында сатылуда.

Жалпы нысанның құны 290 млн. теңгені құрайды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ, аграрлық несие корпорациясынан қаржыландырылған. Жылына 1200 тоннаға дейін алма өндіреді.

Аталған шаруашылыққа кәсіпкер Бақтияр Тағаев басшылық етеді.

Айта кетейік, ауданда ауыл шаруашылық саласында жыл басынан бері 17 млрд 700,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,4 пайызды құраған.

Нәтижесінде Ордабасы ауданы облыс көлемінде аудан, қалалар арасында бірінші орынға (Аграрлы сала бойынша ауданның облыстағы үлесі 8,3 пайыз) шықты.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.